Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Елордалық Nur Otan еріктілері Мақтаарал ауданынның тұрғындарына көмектесуде

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қырық тонна азық-түлік жөнелтеді. Бұл туралы Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Елордалық Nur Otan еріктілері Мақтаарал ауданынның тұрғындарына көмектесуде

«Қазір Nur Oran Мақтаарал ауданына 40 тонна азық-түлік жөнелтеді. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққалы тұрмыз. Онда жүзден астам адам жұмыс істейтін еріктілер штабы құрылды. Су тартылған кезде бүкіл еріктілер штабын жұмылдырамыз», – дейді Е.Бейсенбаев.

Jas Otan жастар қанаты жетекшісінің айтуынша, коронавирус пандемиясымен күресте еріктілер туындаған мәселелерді шешуде өздерінің ұйымшылдығы мен бірлігін көрсетуде. 19 наурыздан бастап Елбасы – Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы басталды. Оның аясында жасотандықтар 110 мыңнан астам отбасын азық-түлік себеттерімен, сондай-ақ гигиена құралдарымен қамтамасыз етті.

«Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 5 млн-нан астам маска таратылды. Қазақстан бойынша күн сайын 3 мыңнан астам жалғыз басты зейнеткерлер ыстық тамақ алды. Бұл жұмыстың барлығы еріктілермен атқарылуда. Бүгінде Jas Otan қатарында 3 мыңнан астам ерікті бар, олар бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді», – дейді Е.Бейсенбаев.

Еске салсақ, жарияланған науқан аясында «Бipгемiз» қоры құрылып, ол арқылы 360 мың отбасына 50 мың теңгеден бір реттік көмек көрсетілген болатын.