Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Алакөлге ұшып баруға болады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алакөлге ұшып баруға болады

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтаннан Үшаралға «Qazaq Air» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн теңге бөлінеді. Тариф құны – 16 мың теңге.

Алматыдан Үшаралға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.

Талдықорғаннан Үшаралға «Жетысу» әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес биыл Республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған жағдайда Үшарал кенті әуежайының ұшу-қону жолағын, басқару жолын, тұрақтар мен перронды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жобалық-бағалау құжаттамасы пысықталып, «Мемлекеттік сараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынған. Соған сәйкес жобаның толық құны 7,5 млрд теңгені құрайды (2020 ж. - 4,7 млрд теңге, 2021ж. – 2,7 млрд теңге).