Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Мақтааралдағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы жағдайға байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен апаттан зардап шеккен отбасыларға жәрдем беру жұмыстары жедел түрде ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтааралдағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

Мешіттер мен мектептерге уақытша эвакуацияланған мыңдаған тұрғынға Сайрам ауданы мен Арыс қаласынан киім-кешек, ас-су, күнделікті қажетті заттар жеткізілді.

Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің айтуынша, Сайрам ауданынан 2 жүк көлігімен азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек жеткізіліп, 20 ерікті азамат 400 кісіге ауызашар берген. Ал Арыс қаласынан 1 жүк көлігі және 5 жеңіл автокөлікпен 1 миллион теңгедей қаражатқа ас-су және балаларға қажетті заттар жеткізілді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сын сағатында үйсіз-күйсіз қалған жандарға жәрдемдесуге облыстың басқа да аудандарының тұрғындары ниет танытып, атсалысып жатыр. Алдағы уақытта да Мақтааралдағы ағайынға көмек беру жалғасады.