Бас санитардың мәлімдеуінше, Алматыда 19 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы жаппай тексеруден өткен. Сонымен қатар әскерилер мен әлеуметтік топтағы адамдарды да тексеру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта халық толықтай COVID-19 қарсы тексеріле алады. Бүгінге дейін Алматыда 77 мыңнан астам тесті алынған.
«Халықты жаппай тестілеу басталды. Осы күнге дейін 77 мың тесті өткізілген. Оның 22 мыңы жедел-тест. Қазіргі сәтте Алматыда 2 мың тесті шығарылып жатыр. Алдағы уақытта оның санын 3 мыңға дейін көбейту шаралары жүргізіліп жатыр. Карантин режимі аяқталғанан кейін де оқшаулану мен қорғаныш құралдарын пайдалануды әліде жалғастыру керек. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, масканы міндетті түрде тағу керек», – деді Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, жасалатын тесті көлемін ұлғайту үшін 10 мобильді аурухана, тестінің нәтижесін жылдам шығару үшін 6 зертхана жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олардың санын 8-ге жеткізу көзделген.
Сондай-ақ, бас санитар сауда орындарында тұтынушы мен кассирдің арасындағы талапты да қатаң сақтауды ескертті.
АЛМАТЫ