Әлем • 05 Мамыр, 2020

Ресейде жұмыссыздық бес миллионға жуықтауы мүмкін

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей сарапшылары коронавирустың экономикалық салдарынан жұмыссыздықтың  екі жолын болжап отыр. Дегенмен, тұрақтылық бюджет саласында сақталады. Бұл дәрігерлер, мұғалімдер, жалпылай алғанда 14 миллион бюджет қызметкерлері.

Ресейде жұмыссыздық бес миллионға жуықтауы мүмкін

Профессор А.Сафонов атап өткеніндей, бірқатар факторларды негізге алғанда елде  оптимистік сценарий жүзеге асуы ықтимал. Оптимистік болжам салдарынан жыл соңына қарай жұмыссыздар саны бір жарым миллионнан бес миллионға дейін өседі. Бұл шамамен 7,3 пайыз. Ал пессимистік жағдайда жұмыссыздық 10,5 пайызға, яғни жеті миллионға жетуі мүмкін.