Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Түркістан: Ардагерлер үндеу жариялады

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі  үндеу  жариялады.

Түркістан: Ардагерлер үндеу жариялады

«Бұл біздің өңір халқының басына түскен ауыр нәубет, үлкен сын. Біздер, Түркістан облысы халқы, мызғымас бірлігіміздің, татулығымыздың, ынтымағымыздың арқасында мұндай сындардан талай рет өткенбіз. Мемлекеттің, қалың жұртшылықтың қолдауымен бұл сыннан да өтетіндегімізге сеніміміз кәміл. Тасқын судан зардап шеккен, құлаған, пайдалануға жарамсыз болып қалған нысандарды қалпына келтіруге, сөйтіп тұрғындарды қалыпты өмірге көшіруге едәуір мөлшерде қаражат, құрылыс материалдары, техника мен қол күші қажет болады. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген аталы сөз бар. Ендеше әрқайсымыз мүмкіндігімізге қарай үлесімізді қоссақ үлкен іс жасаған, елдігімізді танытқан болар едік», деді Атакент кентінде өткен жиында үндеу мәтінін жария еткен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары  Кенжехан Төлебаев.

Жиында сөз алған Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев тасқын сумен күрес жұмыстарының барысын баяндап,  қайырымдылық шараларының арқасында арнайы қоймадағы азық-түліктің сағат санап молайып келе жатқанын жеткізді. Үндеуге қолдау білдірген тұрғындар мен кәсіпкерлер қазірдің өзінде облыстық қорға 1 млн теңге көмек қаржы аударып үлгерген. Ардагерлер бұл көлем алдағы уақытта еселеп өсіп, жиналған қаржы-қаражаттар тұрғын үй, жол салу жұмыстарына бағытталатынына сенімді.

 

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар