Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Полицейлер қарттардың жеке құжатын үйлерге барып ресімдеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты құжаттар мерзімі өткен азаматтардың саны артты, осыған орай ҚР ІІМ министрінің нұсқауына сәйкес бүкіл ел аумағында ҚР азаматтарын құжаттандыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспаөз қызметі.

Маңғыстау: Полицейлер қарттардың жеке құжатын үйлерге барып ресімдеді

Ақтауда Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жеке куәліктері мерзімі өтіп кеткен қарттардың үйлеріне барды. Сол жерде олар құжаттарды ресімдеп, суретке түсірді және белгілі бір уақыттан кейін қызметкерлер дайын жеке куәліктерін жеткізетін болады.

Осындай қызметті алғашқы алушылардың бірі Владимир Тропин болды. Владимир Александрович - еңбек сіңірген энергетик, зейнеткер. Ол атап өткендей, құжаттарды үйде ресімдеу қарт адамдардың өмірін жеңілдетеді, ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Азаматтар полиция қызметкерлеріне қарт адамдарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері азаматтардың белгілі бір санаты үшін құжаттарды рәсімдеу үшін үйге баруды жүзеге асырады, атап айтқанда, олар - өз жасына және жағдайларына байланысты ХҚКО-ға өздері келе алмайтын егде мен үйден шыға алмайтын адамдар.

Азаматтардың қалған санаттары ХҚКО арқылы жарамсыз құжаттармен тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, талонды алдын ала egov (1414) арқылы брондап, рәсімделе алады.

Аталған іс-шара жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға көмек көрсетуге, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Жақын арада облыстың барлық аумағында ХҚКО филиалдары ашылады және жұмыс штаттық тәртіпте жүргізілетін болады.

 

 

Маңғыстау облысы