Экономика • 06 Мамыр, 2020

Индустриялық аймақтың игілігі бар

174 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының аумағынан ашылып жатқан индустриялық аймақта өнеркәсіп өрісі кеңейетін болады. Бұл салаға бағытталған инвес­тиция көлемі де жыл сайын өсіп отыр.

Индустриялық аймақтың игілігі бар

Болжам бойынша, облыс орталы­ғын­дағы кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін 2019-2023 жыл аралығында 28,7 млрд теңге инвес­тиция жұмсалуы тиіс. Былтыр бұл бағытта игерілген қаржы 2 млрд тең­гені құрады. Нәтижесінде, жаңадан 3 өндіріс орны іске қосылып, 2 кә­сіп­орынның қуаты артқан. Ал тұрақты жұ­мыс орнын ашу көрсеткіші 47-ге жет­ті. Биыл өндірісті өркендетуге 6,6 млрд теңге жұмсалмақ. Инвестициялық жо­балардың арасында бірнеше ірі өн­діріс орны бар. Мәселен, «Жетісу Мажико» агро­ке­шеніне қарасты зауыт құры­лысы­ның бі­рін­ші кезеңі аяқталды. Жоба­ның құ­ны 5,8 млрд теңге шамасында. Ал­ғаш­қ­ы кезеңде 45 адамды тұрақты жұмыс­пен қамтитын кәсіпорын толық іске қо­сыл­ған­нан кейін 355 жұмыс орнын аша­ды. Ал керамикалық гранит тақ­та­ла­рын шығаратын «Алмаз керамикс» зауы­ты­ның жұмысы сәуір айында бастал­мақ. Ин­вес­ти­циялық жарғылық қоры 13,9 млрд теңгені құрайтын жоба 2023 жы­лы то­лық­тай аяқталады. Алғашқы кезең­нің өзінде 100 адамды жұмысқа қабыл­дайтын кә­сіп­орыннан түбінде 338 жұмыс­шы нә­па­қасын таппақ. Сондай-ақ «Талды­қор­ған» индус­триялық аумағында іске қосы­латын «Лунюань Жетісу» ет өңдеу зауы­ты мен «Green Technology Partners» серік­тес­тігінің құрғақ жем зауытына да жал­пы құны 9 млрд теңге инвестиция жұм­салған. Биыл «JLC Сүт» зауытының қосалқы цехының құрылысы басталады, бұл үшін қала аумағынан 6 гектар жер телімі бөлінген. Өндіріс іске қосылғанда жаңадан 290 жұмыс орны ашылуы тиіс.

Жақында Талдықорғандағы индус­триялық аймақта тәулігіне 500 тонна майлы дақыл өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды. Бұл өндіріске жалпы 5,8 млрд теңге шамасында инвестиция құйылған.

«Жетісу-Мажико» агрокешенінің бұл өндірісіне 4,4 млрд теңге жұмсалды. Бірінші кезеңде 50 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта кәсіпорын толық қуатына қосылып, зауыт іргесі кеңейген соң 500 адамға тұрақты кәсіп табылмақ. Қазір іске қосылған зауыт ыстықтай сығымдау тәсілімен өсімдік майын шығарады. Тәулігіне 500 тонна рапс және 400 тонна күнбағыс өңдейді, соның нәтижесінде өсімдік майы мен жом өндіріледі. Өндіріс шикізатпен 100 пайыз қамтылған, неміс өндірушілерінің құрал-жабдықтары орнатылған, сол арқылы алынатын өнім сапасын жақсарту үшін майлы дақыл тұқымдарын экструзионды технология­­мен өңдеу қолданылады. Дайын өнім жергілікті нарыққа шыға­рылады, сонымен қатар таяу болашақта Қытайға экспортталады.

– Біз өз тарапымыздан облыста бір­неше индустриялық аймақ құрып, оны қажет­ті инфрақұрылыммен қам­тамасыз еттік. Жалпы мемлекет қол­дауының және қабылданған шаралар арқылы өткен жы­лы Алматы облысының өнеркәсіп өнімі­нің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге жуық­тады. Жетісулықтар бір кісідей жұмы­лып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген міндеттерін орындау мақсатында жұмыс істеп келеді. Бұл жұ­мыстар инвестиция тартуға, жаңа техно­логиямен жұмыс істейтін заманауи өндіріс орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Талдықорған қаласының аумағынан ашылып отырған зауыт – соның айқын айғағы. Жақын ара­да Талдықорған қаласында жалпы құны 22,9 млрд теңге болатын тағы 3 ірі инвес­тициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 528 адамды жұмыспен қамтимыз, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Алматы облысы