Бизнес • 06 Мамыр, 2020

Кәсіпкерлердің көбейгені ұтымды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкер ретінде еліміздің экономикасында қиындықтар болып жатқанын қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Бұл алдағы уақыттарда бұдан да қатты білінуі мүмкін. Біздің оқыту орталықтарымыз уақытша жабық тұр. Жазда да тұтынушыларымыз аз болуы мүмкін. Осы алаңдатады.

Кәсіпкерлердің көбейгені ұтымды

Мемлекет тарапынан ша­ғын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шаралар ұйымдастырылып жат­қа­нынан хабардармыз. Бұл туралы жуырда Прези­дент Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жария­лан­ған сұхбатында жан-жақ­ты айтылыпты. Дегенмен жа­салған жеңілдіктерден кей­бір салалар тыс қалуда. Мы­салы, біліктілікті арттыру орталықтары сол қатар­да. Жеңілдіктер мен көмек­тер барлығына бірдей ортақ жүзе­ге асырылса деген ұсыны­сы­мыз бар.

Министрліктер барлығына бірдей көзқараспен қарап қол­дау білдірсе, соның өзі кә­сіпкерлер үшін зор көмек болар еді. Мен мемлекеттік са­тып алулар туралы немесе қар­жы­ландыру туралы айтып отыр­ған жоқпын. Кейбір компа­нияларға мемлекеттің қар­жысы емес, «Жарайсың, осы бағыттан тайма!» деген қол­дауы маңызды. Елімізде кәсіп­керлер көбейсе, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал жасайды.

Біздің мекемеміз онлайн білім саласында қызметтер көрсетеді. Онлайнға деген көзқарас осыған дейін дұрыс болмаған. Бірақ заман талабы онлайн білім беру мен қызмет көрсету екенін уақыт көрсетіп отыр. Оны еліміздегі төтенше жағдай бірнеше есеге жеделдетіп жіберді.

Жас кәсіпкерлердің көп­шілігі IT саласында. Startup жобаларға да көңіл бөлінсе, инновациялық ақыл-ой ең­бек­тері мыңдаған адамды жұмыс­пен қамтуға қауқарлы болар еді. Бүгінгі таңда еліміздің ең басты ресурсы шикізат емес, азаматтардың ақыл-ойы деп білемін.

 

Берікбол ТӨЛЕГЕН,

«SKILLS ACADEMY» ЖШС директоры