Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

28 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. 

Биыл барлық жол бойындағы жаңа жабыны бойынша жол қозғалысын ашуды қамтамасыз ету, сондай-ақ 297 су өткізетін құбыр, 17 көпір, жол айрығында екі жолөткел және ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 33 жолөткел салу жоспарланған. 

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында  жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылатын болады. 

Премьер-Министр жол құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды және құрылатын жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

Балқаш қаласында А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Қару ұстауға бақылау күшті

Қоғам • Бүгін, 18:11

Ұқсас жаңалықтар