Парламент • 06 Мамыр, 2020

Парламенттік оппозиция кемінде бір рет парламенттік тыңдауға бастамашылық жасай алады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында парламенттік оппозицияны күшейтуді көздейтін заң жобасы қаралып жатыр.

Парламенттік оппозиция кемінде бір рет парламенттік тыңдауға бастамашылық жасай алады

Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова аталған құжатқа сәйкес Конституциялық заңның 12-бабы, 4-тармақпен толықтырылатынын, онда парламенттік оппозицияның бір сессия ішінде кемінде бір парламенттік тыңдауға бастамашылық жасауға құқылы екені көрсетілгенін айтты. Осы ретте депутат баяндамышадан бұл норма қаншалықты қажет екенін cұрады. Өйткені қолданыстағы заңның 12-бабында депутаттардың парламенттік тыңдауға бастамашылық жасауына ешбір шектеу жоқ деп көрсетілген екен.

– Дұрыс айтасыз, заң депутаттардың парламенттік тыңдауға бастамашылық жасау құқығын шектемейді. Бірақ парламенттік көпшіліктің орны шешуші екенін бәріміз жақсы білеміз. Ал осы заңның мақсаты – парламенттік оппозицияның құқықтарын іске асыру. Қоғамды алаңдататын сұрақтардың көшеде емес, Парламент қабырғасында көтерілгенін қалаймыз. Сол үшін оппозицияға кемінде сессия сайын парламенттік тыңдаулар деңгейінде өзекті мәселелерді қозғауға мүмкіндік беруіміз керек, – деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Осы тұста сөзге Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин араласып, бұл норманың басқа нормалармен салыстырған үлкен айырмашылығы бар екенін, енді заң деңгейінде парламенттік оппозицияға кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу мүмкіндігі берілетінін, бұл бұрын болмағынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар