Парламент • 06 Мамыр, 2020

Н.Нығматулин: Президенттің парламенттік оппозиция институтын құру туралы бастамасы заңнамамен бекітілді

26 реткөрсетілді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың өздері бастамашы болған парламенттік оппозиция туралы заң жобасы мақұлданды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленін атап өтті.

- Осыған орай, Мәжіліс депутаттары бастамашы болған осы заң жобасында алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген ұғым енгізілді. Бұл – Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі парламенттік оппозиция – демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз, – деді Нұрлан Нығматулин.

Осы заң жобасы бойынша депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Түзетулерге сәйкес парламенттік оппозиция  Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің  хатшылары лауазымына кандидатура ұсынуға да құқылы болады. Бұл ретте екі тұрақты комитеттің хатшылары  парламенттік оппозиция ұсынған депутаттар арасынан сайланады.Бұған қоса құқықтық олқылықтарды болғызбау,  заң жобасының нормаларын бір-біріне және басқа заңнамалық актілерге сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілді.Талқылауды қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы осы заң жобасы және оны іс жүзінде қолдану азаматтардың, жалпы алғанда қоғам мүддесі аясында жетілдіріліп отыратынын айтты.

Заң жобасының негізгі мақсаты – парламенттік оппозиция институтын қалыптастыруды реттеу саласында құқықтық негіздерді қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар

Шайқының домбырасы

Өнер • Бүгін, 08:15

Театр алдындағы тарландар

Руханият • Бүгін, 08:13

Пандемия: Стивен стихиясы

Әлем • Бүгін, 07:51

Лу Шүн. Маржан сүзген жазушы

Әдебиет • Бүгін, 07:50

Тұтқын тағдыры

Руханият • Бүгін, 07:34

Жаз шықпай-ақ қурай бастады

Экология • Бүгін, 07:30

Экология бәрімізге ортақ

Экология • Бүгін, 07:27

Ойлап тапқан дүниесіне демеуші жоқ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:25

Мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Экономика • Бүгін, 06:45

Ұмтылғандар ұтады

Бизнес • Бүгін, 06:41

Фермерлердің көңілі әлі де күпті

Экономика • Бүгін, 06:39

Сахара үнінің саңлағы

Өнер • Бүгін, 06:37

Бетперде режімін бұзуға болмайды

Коронавирус • Бүгін, 06:32

Жер көп, жайылым жоқ

Қоғам • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар