Compra контрагенттерін тексеру сервисі ТЖ енгізу кезеңінде «мониторинг» тегін қызметін және ағымдағы жылдың 17 наурызынан 11 мамырына дейін «теңгерімді 2-ге көбейту» акциясын іске қосты. Компания өкілдері хабарлағандай, дәл осы уақытта жеткізушілер мен серіктестерді ізгілікке тексеру аса маңызды болды. Бұл платформа сонымен бірге алаяқтық әрекеттерге тосқауыл бола алды.
Компания өкілдері сондай-ақ 17 наурыздан 29 сәуірге дейін ШОБ үшін акция жасап, сервисте жалпы сомасы 1,5 млн теңге болатын транзакциялар жүргізген. Бұл кезде компания іс жүзінде 3 млн теңгенің қызметін көрсеткен.