Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

ІІМ Мақтааралға 335 адам мен 112 техника жіберді

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын жүргізу үшін Ішкі істер министрлігінен қосымша күш жұмылдырылып жатыр. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ Мақтааралға 335 адам мен 112 техника жіберді

5 мамырда күндіз Түркістан облысының аумағындағы су тасқыны салдарын жою үшін өңірлердегі Төтенше жағдайлар департаменттерінен құрамында 116 адам, 58 бірлік техника, жүзу құралдары және мотопомпалар бар қосымша күш жіберілді. Оның ішінде Шымкент қаласы – 21 адам, 10 бірлік техника, мотопомп, Жамбыл облысы – 50 адам, 27 бірлік техника, жүзу құралдары, мотопомпалар және Қызылорда облысы 45 адам, 21 бірлік техника, жүзу құралдары және мотопомпалар жіберді.

Бұған қоса 6 мамырда таңертең Шымкент қаласы және Түркістан облысы ТЖД жеке құрамымен 6 тіркемелі мотопомпа қосымша күштер мен құралдар жіберді.

Алматы қаласынан Ұлттық ұлан әскери бөлімінің 160 адамнан және 15 техникадан тұратын күші түнде Шымкент қаласына келіп жетіп, қазір оқиға орнына бара жатыр.

ІІМ-нің келіп жеткен күштері мен құралдарының жалпы саны жеке құрамнан 335 адам, 112 бірлік техника, жүзу құралдары мен мотопомпадан тұрады.

9

5 мамырда кешке Шымкент қаласынан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келіп жеткен ТЖК күштері мен құралдары құтқарушыларды орналастыру үшін лагерь орнатты.

Өткен тәулікте келіп жеткен Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы ТЖД күштері 2 млн. жуық текше метр су сорып шығарды. Қоғалы, Нұрлы жол, Фердоуси, Ырысты, Қарақыр, Өргебас елді мекендерінде ұзындығы 15 шақырым бөгетті нығайтып, 85600 құм салынған қап төседі. Қосымша тартылған инженерлік техника Мырзакент кентінде шатырлы қалашықта орналасқан. Әрбір 2 сағат сайын су деңгейіне мониторинг жүргізіледі, жедел штабтың тұрақты бақылауында. Су басқан учаскелер мен қауіпті елді мекендер аймақтарының ахуалдық картасы әзірленді.

Жедел штаб Мырзакент елді мекенінде аудандық әкімдік ғимаратында орналасқан. Штабта ҚР ІІМ ТЖК және Ұлттық ұланның, ҚР ҰҚК ШҚ, Түркістан облысының ТЖД, Түркістан облысының полиция департаментінің өкілдері жұмыс істейді.

5

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың 986 адам, 180 бірлік техника мен 4 жүзу құралы жұмылдырылды. Жою жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер қатысуда.

99

Соңғы жаңалықтар