Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фирдоуси ауылындағы ферма аумағынан шыға алмай, судың бел ортасында қалған тұрғындар тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрапты. Осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы жедел қимылдап, еріктілермен бірге оқиға орнына қайықпен жеткен.

Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарды

Олар жан-жақты мұқият қарап шығып, іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, судың ортасынан екі жас жігітті көріп, оларды қауіпсіз аймаққа жеткізген.

Айта кетерлігі, ауыл тұрғындары жылқыларын іздеп шығып, елді мекенді түгел су шайып кеткендіктен, кері қайта алмай қалған екен.

«Дүние-мүлік үшін мұндай әрекетке барудың қажеті жоқ. Бастысы – сіздердің амандықтарыңыз.  Су басқан үйлеріңізге, қора-жайларыңызға кіреміз деп, өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Бұл ауылдарға мүлдем кіруге болмайды», деп полиция инспекторлары тұрғындарды сабырға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.