Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтааралда ауылдарды басқан су деңгейі төмендеді

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресми мәліметтер бойынша, Мақтаарал ауданындағы су деңгейі кешегі күнмен салыстырғанда төмендей бастаған. Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су – 14 , Жаңатұрмыс елді мекенінде ­– 17, Өргебас ауылының кіре берісінде 11, К-15-9 А каналының маңында – 13, ал Арай елді мекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 сантиметрге азайды.

Түркістан: Мақтааралда ауылдарды басқан су деңгейі төмендеді

Сондай-ақ қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында – 0,05, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында – 8, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 сантиметрге төмендеген. Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3, ал коллектор орналасқан аймақта 2 сантиметрге азайған.