
Сондай-ақ Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының атынан қызметтік міндеттерін орындау барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен Кадр жұмысы департаментінің басшысы М. Мұхамбетқазы, 2-ші департамент басшысының орынбасары Ж. Ғалымов, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Департаменттер басшыларының орынбасарлары Т. Башев пен Б. Ұзынжас марапатталды.
«Құрмет» орденімен Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Н. Жақсымбетов, «Ерлігі үшін» медалімен 5-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Бесжанов марапатталды.
Агенттік Төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі мен жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 108 қызметкерге ведомстволық наградалар және атақтар табысталды. Сонымен қатар ерекше қызметі үшін қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.