Спорт • 06 Мамыр, 2020

Никита Михайлисті ҚХЛ-дың үш командасы өз қатарынан көргісі келеді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үш мықты командасы осы күнге дейін Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының сапында өнер көрсетіп келген Никита Михайлисті өз қатарынан көргісі келеді.

Никита Михайлисті ҚХЛ-дың үш командасы өз қатарынан көргісі келеді

Әр жылдары «Номад», «Снежные барысы», «Торпедо-Қазцинк» командаларында шеберлігін шындаған 24 жастағы Қарағандының тумасы «Барыстың» сапында да айшықты өнерімен көзге түсті. ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 60 рет мұз айдынына шыққан шабуылшы 17 гол соғып, 15 мәрте нәтижелі пас берді. Барлығы – 32 ұпай. Одан бөлек, ол Қазақстан құрамасы сапында жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде бес рет бақ сынады.

Бүгінгі таңда Никита Михайлиске «Авангард», «Автомобилист» және  «Салават Юлаев» секілді клубтар «құда түсуде». Егер жерлесіміз айтулы командалардың біріне ауысатын болса, онда ол өтемақы ретінде «Барыстың» есепшотына 180-200 миллион теңге (шамамен 470 мың АҚШ доллары) аударуға тиіс.