Спорт • 06 Мамыр, 2020

Умберто «Аксесске» ауысты

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде Алматынының «Қайрат» футзал клубында ойнап, өрелі өнерімен кезге түскен Умберто Францияның «Аксесс» клубына ауысты.

Умберто «Аксесске» ауысты

Айтулы ойыншының толық есімі – Франсиско Умберто де Араужо Алвес. 1986 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында туып-өскен ол алғашында өз еліндегі «Сусано», «Гуарульюс», «Сан-Каэтано», «Малви» және «Кронада» өнер көрсетті. Одан кейін Новосібірдің «Сибиряк» клубында ойнады. 2013 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Қайраттың» жейдесін киді. Алматылық команда сапында бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, УЕФА кубогы мен әлем суперкубогын иеленді. Соңғы кездері айтулы шабуылшы Испания мен Ресей чемпионаттарында өнер көрсетті. Ал күні кеше Умбертоның «Аксесске» ауысқаны белгілі болды. 

Алдына биік мақсат қойған аталмыш команда қазіргі кезде өз қатарына мықты ойыншыларды жиюда. Умбертодан бұрын «Аксесс» клубымен Испанияның қос шоқ жұлдызы – Рикардинью мен Карлос Ортис және әйгілі бапкер Хесус Веласко келсімшартқа отырған болатын.