Елбасы • 06 Мамыр, 2021

Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

93 рет көрсетілді

Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.



Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды.

Біз әрдайым армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлдік.

Соның арқасында Қазақстан әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету –абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті.

Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар.

Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын!

Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!

Соңғы жаңалықтар

«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!

Егемен Қазақстан • Бүгін, 19:08

Курчатовта АЭС салынуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 18:02

Вакцина салдырғандар саны артты

Коронавирус • Бүгін, 09:35

905 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:08

Ұқсас жаңалықтар