06 Мамыр, 2020

Биыл Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» келесі жылға ауыстырылды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қыркүйек айында Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Түркияда өтуі тиіс «Көшпенділер ойындары» келесі жылға ауыстырылды

«Әр екі жыл сайын өткізілетін «Көшпенділер ойыны» биыл Түркияда өткізілуі керек еді. Алайда әлемдік пандемиясына байланысты Түркиядағы ұйымдастырушыдан ресми хат келіп, бұл сайыстың келесі жылға қалатынын хабарлады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйегінде III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында өткен болатын.