Қазақстан • 06 Мамыр, 2020

Вакциналардың сапасы төмен бе?

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістаннан алынған вакциналардың сапасы төмен деген ақпараттар тарап жатыр. Вакцинаның сапасы туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп айтып берді.

Вакциналардың сапасы төмен бе?

«Үндістаннан міндетті түрде қолданатын вакцинаның үш түрін аламыз. Оның біреуі – АДСМ, екіншісі – қызылша мен паротиттің алдын алуға арналған, үшіншісі – туберкулезге қарсы. Бұл вакциналарды өндіруші - Serum Institute of India. Үш вакцина ДСҰ-ның тексеруінен өткен, сертификаты бар. Бүкіл әлемнің 70-тен аса мемлекетінде қолданылады», - деді Берік Шәріп.

Оның айтуынша, вакциналар ЮНИСЕФ-тен және жергілікті дистрибютерлік компаниялардан жеткізіледі.

Дәрі-дәрмектер емдеу хаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген барлық клиникалық сынақтардан өткізілген. Олардың барлығы тиімділігін көрсетіп жатыр. Бүгінде елімізде шамамен 1 300-ге жуық науқас COVID-19-дан емделіп шыққан.