Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Түркістан: Су басқан елді мекен оқушылары білімін эвакуациялық бекеттерде жалғастыруда

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фирдоуси ауылдарындағы жалпы 5 мектептегі оқушылар саны – 1638. Мектепке дейінгі 6 білім беру ұйымындағы тәрбиеленушілер саны -  425. Бүгінгі таңда оқушылар білім алуды эвакуациялық пункттерде жалғастыруда.

Түркістан: Су басқан елді мекен оқушылары білімін эвакуациялық бекеттерде жалғастыруда

Ол бекеттерде балаларға қашықтан оқу бойынша жағдай жасалып, «Балапан», «Ел арна» телеарналары арқылы сабақтарын жалғастыруына мүмкіндік беретін телевизорлар орнатылды. Оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Бос уақыттарында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысады. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға  психологиялық көмек көрсетуде. 

Жергілікті тұрғындармен қатар өңірдегі аудан, қалалардан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа заттарын алып беруде.

3