Саясат • 06 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Өзбекстанның Үкіметтік делегациялары төтенше жағдай салдарын жою мәселелерін талқылады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтік делегацияларының Өзбекстанның Сырдария ауданы мен Қазақстанның Түркістан облысының аумақтарының бір бөлігінің су басуына әкелген Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі мәселелерді бірлесіп шешу жөніндегі кездесуі өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстанның Үкіметтік делегациялары төтенше жағдай салдарын жою мәселелерін талқылады

Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының делегациясының құрамына Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Д. Сатыбалды кірді. 

Премьер-Министрдің орынбасары С. Умурзаков бастаған Өзбекстан Республикасының делегациясының құрамына ӨР су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев пен Сырдария облысының хокимі  Г. Мирзаев кірді. 

Үкіметтік делегациялар екі елдің су астында қалған аумақтарын тікұшақпен ұшып аралап шықты, оның барысында тараптар Сардоба су қоймасының дамбасынан су ағынының толық тоқтағанына көз жеткізді. 

Осы күні келіссөз жүргізілді, онда тараптар орын алған жағдайды талқылап, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бірлескен жұмысты атқаруға келісті. 

Қазіргі таңда өзбек тарапы Өзбекстан аумағында бөгеттің бұзылуының салдарын жою жұмыстарын жүргізумен қатар, Түркістан облысына, ең алдымен Фирдоуси және Өргебас ауылдарына, су басу салдарын жоюға жәрдемдесу үшін  100-ден астам техника мен мамандарды жіберген. 

Келіссөз кезінде тараптар Сардоба су қоймасын қалпына келтіру мәселесі жөнінде өзара келісілген жұмыстарды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді. 

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен стратегиялық әріптестік сабақтастығындағы тығыз ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға ниеттестігін білдірді.