Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды

27 реткөрсетілді

Отан қорғаушылар күні қарсаңында еліміздің қауіпсіздігін және бейбіт азаматтарды қорғауда тұрған адамдардың еңбегі атап өтілді. Өзінің күнделікті жауынгерлік еңбегімен Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын және Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқандар кезекті әскери атақтар, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен  марапатталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің «жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптар беру туралы» Жарлығымен «генерал-лейтенант» әскери атағы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Мұрат Бектановқа, Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевқа, сондай-ақ Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Сұлтан Камалетдиновке берілді. Сонымен қатар, Президент Жарлығымен 21 әскери қызметші мемлекеттік наградаларға ие болды.

Кәсіби мереке қарсаңында Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. Жеке құрамдағы марапатқа ие болғандардың негізгі бөлігі рәсімге бейнебайланыс режимінде қатысты.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен 15 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді, сегіз әскери қызметші «Ел қорғаны» ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Олардың ішінде Алматы қаласында патрульдеуге қатысу барысында кәсібилік танытқан екі курсант бар. Атап айтқанда, Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты Бахытжан Баратов, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Болат Ерсұлтан.

Сонымен қатар ҚР ҚМ Заң департаментінің бастығы «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жеке құрамды құттықтады.

«Біз Сіздермен жаңа әдістерді қолдана отырып, ондаған командалық-штабтық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткіздік. Жедел дайындықтың маңызды шараларының бірі, ел Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен өткен «Айбалта» стратегиялық командалық – штабтық оқу–жаттығуы болды», – деп атап өтті ол.

Министр біздің контингенттер шетелде түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, еліміздің аумағында да бірлескен іс-шаралар өткізгенін еске сала кетті.

«Бітімгершілік қызметінде маңызды қадам жасалды. Қазіргі Қарулы Күштер тарихында алғаш рет біз «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін дербес бітімгершілік бөлімшені жібердік. Мен Иракта, Ауғанстанмен шекарадағы Тәжікстанда, Кот-д-Ивуарда, Батыс Сахарада және Непалда бірқатар миссияларды орындауға қатысқан сіздердің барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін», – деді Ермекбаев.

Сондай-ақ Арыс қаласында ТЖ салдарын жою бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Министр өз құттықтауында биылғы жылы Отан қорғаушылар күні ел тарихында алғаш рет төтенше жағдай енгізілген ерекше жағдайларда атап өтілетіндігін атап өтті. Ол мыңдаған әскери қызметші коронавирустың таралуын болдырмау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ете отырып, өз борышын абыроймен атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар олар жарғыларда да, лауазымдық нұсқаулықтарда да жазылмаған маңызды нәрселерді өз денсаулығына қауіп төндіре отырып орындайды.

«Қарулы Күштердің әскери қызметшілері бүкіл ел бойынша мыңдаған нысандар мен ондаған миллион шаршы метрге дезинфекция жүргізді, блокбекеттерде қызмет атқарып, патрульдеу жүргізді, жүздеген отандастарды эвакуациялады және шет елден гуманитарлық көмек көрсетті. Қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы жоғары дайындық деңгейін көрсеткен барлық әскери-медициналық мекемелер жұмылдырылды», – деп атап өтті министр.

Бұл ретте жүздеген әскери қызметшілер өз міндеттерін үйінен мыңдаған шақырым жерде, далалық жағдайында орындады.

«Осы қиын-қыстау кезеңде біздің жауынгерлеріміздің жоғары кәсібилігі, борышқа адалдығы, әскери бауырластық және өзара көмек көрсету сияқты қасиеттері айқын көрінді. Қарапайым адамдар үшін бұл ауыр сынақ болса, ал әскери қызметшілер үшін бұл кезекті жаттығу», – деді Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қиын уақытта ел мен халықтың мүдделері үшін әскери қызметші болуға арнайы жиындарға шақырылуға өз еркімен ниет білдірген бірнеше мың жастармен мақтана алатын ойымен бөлісті.

Қорғаныс министрі жеке құрам мен отбасыларын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

«9 мамырда адамзат нәсіліне, дініне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бейбітшілік пен теңдік құқығы үшін соғысты жеңіп алды. Ата-бабалардың ерлігі әрқашан жадымызда сақтады. Олар Отанымызға тәуелсіздік, ал ұрпақтарына бейбіт аспанды өсиет еткен.

Біздің ортақ міндетіміз – Тәуелсіз Қазақстан тарихында осындай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін, біздің халқымыз бен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін сақтауға күн сайын көмек көрсету», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Кім қалай оқып жүр?

Әдебиет • Бүгін, 12:02

ҚПЛ бір командаға азайды

Спорт • Бүгін, 08:17

Тарихқа таразы болар бастама

Саясат • Бүгін, 08:04

Жүйелі жұмысты қажет етеді

Саясат • Бүгін, 08:01

«Balapannan» базарлық

Қоғам • Бүгін, 07:23

Жетім бұрыштағы жеті нота

Өнер • Бүгін, 07:20

Алаштың асыл перзенті

Руханият • Бүгін, 07:07

Үш өлең

Әдебиет • Бүгін, 06:57

Ұқсас жаңалықтар