Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Алаш сарбазының айбыны асқақ!

95 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Егемен еліміздің Қарулы Күштерін дамыту мен жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан Қазақстан әскерінің айбыны қашанда жоғары болады деп сенеміз.

Алаш сарбазының айбыны асқақ!

Өз басым Алматы облысына қарас­ты Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келдім. Бала кезім­нен әскери қызметті аңсап, мектеп қабырға­сынан түлеп ұшқан сәтте Ресей Феде­ра­циясының Кострома қала­сында орналасқан РХБ қорғау училищесіне оқуға қабыл­данып, оны ойдағыдай аяқта­дым. Кейін Қазақ­стан Қару­лы Күштеріндегі радиа­ция­лық, химиялық және биология­лық қорғаныс қызметі саласын­да әскери қызметімді бастадым. Осы бағытта взвод командирінен әскери бөлімнің штаб бастығы лауазымына дейін жоғарыладым. Одан соң Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы атын­дағы Ұлттық қорғаныс универ­си­тетінде академиялық білім алдым. Бүгінде Құрлық әскер­леріне қарасты «Батыс» өңірлік қол­басшы­лығында радиациялық, хи­миялық және биологиялық қорғау бөлімінің басшысымын.

Осы күндері еліміздегі төтен­ше жағдай­ларға байланысты Ақтөбе, Атырау және Ақтау қала­­­ларында жүр­гізіліп жатқан дезин­фекциялық жұмыс­тарға же­тек­­шілік жасап жүрмін. Қол ас­тым­­дағы мамандар дезин­фек­ция­­лық қоспаларды әзірлеп, қауіп­ті вирус­п­ен күресті жалғас­ты­ру­дамыз.

Жоғарғы Бас қолбасшымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің дамуын жіті бақылауында ұстап, әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Оның салиқалы әске­р­и саясатының нәтижесінде көп­теген әскери реформа жүзеге асуда. Мә­селен, биыл сәуір айында Қару­лы Күштердің Бас штабында радиа­ция­лық, химиялық, биологиялық қор­ғау және эко­логиялық қауіпсіздік әскер­лері департаменті құрылды. Атал­ған департамент заманауи талап­тарға сай үздік қару-жарақпен, алдың­ғы қатарлы құралдармен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ далалық оқу-жатты­ғулар мен біліктілікті жоғарылату курстары да ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Қазақстандықтарды Отан қорғау­шылар күні мерекесімен құттықтап, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын деп тілеймін!

 

Алмас НЕСІПҚАЛИЕВ,

майор, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау әскерінің басшысы