Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Отан қорғау – ортақ іс

543 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отанын шексіз сүйетін, туған жерін көзінің қарашығындай қадірлейтін сарбаздар барда ел армиясы ешқашан биігінен аласармайды. Жыл санап қару-жарақ түрлері, қажетті құрал-жабдықтар қатары жаңарып, жетілдірілу үстінде. Бұл – Жоғарғы Бас Қолбасшы-Қазақстан Президентінің ел қауіпсіздігіне деген ерекше көзқарасын аңғартып тұр.

Отан қорғау – ортақ іс

­Қазақстан әскерінің әлеуеті артқан сайын, сарбаздардың да әлеу­меттік жағдайына көңіл бөлініп келеді. Түрлі әлеуметтік қолдаулар бар. Ондай қолдауды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де танытып отыр. Мәселен, әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдар қызмет­керлеріне арналған қолжетімді бағдар­лама бар. Аталған банк­тің салымшысы атанып, мен де баспанаға ие болдым. Бұл – Отан қорғауды өмірінің ұстаны­мы­на айналдырған әскер қызмет­шілерге көрсетіліп келе жатқан қолдаудың бір парасы ғана.

 Әскери қызмет саласында еңбек етіп келе жатқаныма осымен он екі жылдың жүзі болды. Жет­кен жетіс­тіктерім де бар. Айта­лық, 2016 жылы Ресей Феде­рация­сында өткен «Үздік барлаушылар» сайысына қатысып, 3-орынға табан тіредік. Мен ол кезде Луговой кентіндегі әскери бөлімде рота командирі лауазымында қызмет атқарып жүрген едім. Қазіргі таңда «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде қызмет етіп келемін.

1942 жылы ірге қалаған бұл бөлім­нің тамыры да, тарихы да тереңде. Біз жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, жаяу әскердің ұрыс маши­насы саналатын БМП-2-ні тізгін­деп, әрі осы машина арқылы сынақ алаң­дарындағы жаттығулар кезінде атыс та жүргіземіз.

Елімізде төтенше жағдай жа­рия­ланып, індетпен күрестің ал­дыңғы ше­бінде дәрігерлермен қатар, еліміздің Кү­ш­­тік құры­лым­дардың қызмет­ші­­лері де жүр. Біз де өз кезегімізде Қа­ра­­ған­ды об­лысы аумағындағы адам­­­­дар көп жиналатын орындарда де­­зи­н­­­­­­фек­ция жүргізуге қатыстық. Ба­­­қы­­лау-өткізу бекеттеріндегі жұ­мыс­тар­ға жұ­мыл­дырыл­дық. Себебі Отан қорғау – ортақ іс. Осын­дай қиын-қыстау кезеңде кейінге қалар деп сенеміз. Сон­дық­тан жарғақ құла­ғы жас­тық­қа ти­мей, қарапа­йым адам­дар­дың аман­дығын, ел еге­мен­дігінің тұ­рақ­тылығын тілеген Отан қор­ғау­­шы­­лардың еңбегі үнемі зор деп біле­мін. Қарулы Күштер­дің әрбір әске­ри қызметшісі Қазақстан­ның қауіпсіздігін қорғауға да­йын. Аян­бай еңбек етеді. Барша Отан қор­ғау­шыларды мерекемен құттықтаймын! 

 

Бағлан ҚОЖАХМЕТОВ,

капитан, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің екінші мотоатқыштар батальонының командирі