Жеңістің 75 жылдығына байланысты жер-жерде іздеушілер тобы қызу жұмыс істеп, осы уақытқа дейін соғыста хабарсыз кеткендер қатарында саналып келген біраз майдангердің дерегі анықталып жатыр. Жыл басында көршілес Ресей мемлекетіндегі осындай топ жұмысының нәтижесінде Тверь даласынан аралдық жауынгер Келіс Жиенбаевтың сүйегі табылса, жақында «ОПОРА» Челябинск – Санкт-Петербург» іздестіру орталығы мүшелері тағы бір жауынгердің дерегін анықтады.

Өткен жылдың қараша айында Ленинград облысы Киров ауданы аумағынан соғыс кезінде оққа ұшқан үш жауынгердің мүрдесін тауыпты. Солардың біріндегі 6 834 6461 сандық белгі арқылы оның аралдық Емберген Асайынов екендігі белгілі болған. Арнайы орталықта зерттелген бұл мәлімет әбден нақтыланғасын ғана ресейлік іздеушілер жақында бұл жайлы Павлодар қаласындағы «Майдан жолы» іздестіру жасағына хабарлапты. Жасақ басшысы Александр Шитов жаңалықты Арал аудандық архивінің басшысы Болатбек Қуатовқа жеткізеді.
Өмірзақ Қожамұратов атты ғажап ақынның «Өлгендер қайтып келеді» атты өлеңі бар еді. Араға нешеме жылдар салып, есімі қайта жаңғырып жатқан майдангерлер көзі тірісінде дұрыс бағаланбаған, қазір де есімі көп айтыла бермейтін ақынның:
Желбіреп жасыл желегі,
Балауса балдыр,
Балғын көк,
Өлгендер қайтып келеді
Орман боп,
Жасыл шалғын боп,
– деп басталатын сол өлеңін еске түсіреді.
Жалпы соңғы уақыттары ресейлік іздеушілер жасақтарының соғыс сарбаздарының мүрдесін тапқандығы жөнінде хабарлар әлеуметтік желіде жиі жарияланып жатады. Олардың арасында Қызылорда облысының әр ауданынан соғысқа аттанған сарбаздар есімдері кездесіп қалады. Бірақ, осы деректі әрі қарай іліп әкетіп, іздеуді жалғастырып жатқандар жоқтың қасы. Бұл бағытта Арал аудандық архив басшысы Болатбек Қуатовтың еңбегін ерекше айтқан жөн. Жыл басында капитан Келіс Жиенбаевтың да дерегін анықтап, туыстарын тапқан осы азамат Емберген Асайынов туралы да жеткілікті мәлімет тауыпты.
– Аудандық әскери комиссариат дерегінде 1900 жылы туған Емберген Асайыновтың 1942 жылдың 10 ақпанында Қасқақұлан ауылдық кеңесінен соғысқа алынып, 1943 жылдың тамыз айында хабар-ошарсыз кеткендігі айтылады. Осыдан да іздестіру жұмыстарын аудандық архив қорында сақталған осы ауылдық кеңестің шаруашылық кітабынан бастадық. Онда Емберген Асайынов пен жұбайы Сағира Асайынованың 1936 жылы туған Алдаберген есімді баласы болғандығы жазылған. Жоғалған жауынгердің туған-туыстарын іздестіру жұмыстарына №262 мектеп-гимназияның шаруашылық меңгерушісі Шәкімұрат Іздібаевтың көп көмегі тиді. Ол сол кезде Қасқақұланда тұрған ауылдастарынан сұрау салып, Емберген Асайыновтың немересі Серік деген азаматтың дерегін анықтап берді, – дейді Болатбек Қуатов.
Жауынгердің жалғыз тұяғы Алдаберген әке хабарын күтіп елеңдеумен о дүниелік болған екен. Одан бір ұл мен төрт қыз қалған. Ендігі жұмыс, жат жерде қалған сарбаздың сүйегін елге әкелу, басын қарайту. Бұл бағытта Ресеймен жасалып жатқан келісім қазіргі жағдайға байланысты үзіліп тұр. Жалғасып жатқан күннің өзінде бұл істің жүзеге асуы үшін жергілікті әкімдіктің, іскер азаматтардың көмегі керек. Қазір қызық қуып шетел асқандарды да арнайы ұшақ жалдап, елге алдырып отырмыз ғой. Жаумен шайқасып, жат топырақта жан қиған жауынгер рухына да құрмет танытып, денесін туған жерге табыстасақ, елін қорғаған ерлер алдындағы парызымызды өтеген болар едік.
Қызылорда
Адасып кеткен балықшыларды полиция құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қазақстандықтар 2020 жылы не нәрсені көп сатып алды?
Қазақстан • Бүгін, 14:26
Қарағандылық әнші қыз Түркияда бақ сынайды
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Түркістан облысында қар құрсауында қалған 40 отбасына көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Алматыдағы Балалар онкологиясы орталығында сауапты іс атқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Шекарашылар кезекті рет есірткі тасымалдаушыларды әшкереледі
Оқиға • Бүгін, 13:34
Несие «рәсімдеген» алаяқтар жәбірленушіні сазға отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:19
Bek Air компаниясы бесінші рет сотқа берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді
Экономика • Бүгін, 13:06
Атырау облысында 50 239 кәсіпкерлік нысаны бар
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті
Үкімет • Бүгін, 12:52
А. Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
Үкімет • Бүгін, 12:51
Сенаторлар нотариустың қызметін «цифрландыру» туралы заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:43
Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының екінші бөлімінің тұсаукесері өтеді
Әдебиет • Бүгін, 12:30
Білім министрлігі оқушылардың шетелде оқуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 12:18
Қазақстанда зейнетақы аннуитеті мөлшері төмендеді
Қоғам • Бүгін, 12:06
Жарты ғасыр жөндеу көрмеген «Ақтөбе-Қандыағаш» күре жолы төртжолақтыға айналады
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Қазақстанның жеті қаласына ұшуға тыйым салынды
Қазақстан • Бүгін, 11:57
«Даму» Қоры мен Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ШОБ-ты қолдауды жалғастырады
Экономика • Бүгін, 11:55
Жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Мемлекеттік бақылаудың осалдығынан халық зардап шегуде - сенатор
Парламент • Бүгін, 11:40
Батыс Қазақстан облысындағы су тапшылығы қашан ретке келеді?
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Роман Скляр жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Үкімет • Бүгін, 11:35
Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті
Әлем • Бүгін, 11:35
Жандарбек Бекшин вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылатынын айтты
Коронавирус • Бүгін, 11:30
Депутат Д.Нұржігіт Әділет және Экономика министрліктеріне сауал жолдады
Парламент • Бүгін, 11:13
Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе облысында болды
Медицина • Бүгін, 11:11
Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді
Әлем • Бүгін, 11:10
Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты
Спорт • Бүгін, 11:09
Алматы облысында ірі көлемде балық аулаған браконьер мұз үстінде ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Алматының жаңа ықшамаудандарында сегіз мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:56
Украинада Лениннің соңғы ескерткіші құлатылғаны рас па?
Әлем • Бүгін, 10:55
Алматыда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабық болады
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Экология министрі ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды
Тағайындау • Бүгін, 10:36
TikTok желісінде олқылықтар табылды
Технология • Бүгін, 10:29
Электронды еңбек биржасында 925 мың бос жұмыс орны орналастырылды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 10:06
WhatsApp-та қауіпті вирус тарағаны белгілі болды
Технология • Бүгін, 09:54
Норвегия 29 қаңтардан бастап шекараны жабады
Әлем • Бүгін, 09:50
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 09:46
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады
Руханият • Бүгін, 09:36
Алматыда обырға шалдыққандар көбейген
Медицина • Бүгін, 09:32
Әлеуметтік ұтқырлықтан ұтып тұрмыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Шымкенттегі әскерилер заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Экология • Бүгін, 09:19
Ауыл шаруашылығында қандай мамандықтар қажетсіз боп қалады?
Экономика • Бүгін, 09:14
Пневмониядан өткен тәулікте 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:10
Алматыдағы үй кезегіне қатысты заңсыздық әшкере болды
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Қазақстанда 1163 адам ем-дом алды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 1413 адамда коронавирус анықталды
• Бүгін, 09:02
Қазақстан Чехия нарығына 45 өнімді экспорттайды
Экономика • Бүгін, 09:01
Жоғары оқу орындарына талап қатайтылады
Пікір • Бүгін, 08:58
Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы
Оқиға • Бүгін, 08:51
Руханият • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Үндістан да Еуроодаққа үміт артады
Әлем • Бүгін, 08:44
Ресейлік вакцинаға сұраныс көп
Пікір • Бүгін, 08:42
QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады
Коронавирус • Бүгін, 08:40
Парламент • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:30
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Қоғам • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Заманауи заңдар дамуға серпін береді
Пікір • Бүгін, 08:20
Асыл тұқымды шаруашылықтардың мүмкіндігі артады
Парламент • Бүгін, 08:18
Ұқсас жаңалықтар