Президент • 07 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жері­мізді жан­қиярлықпен қорғап қал­ған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бас­тау алады. Бү­гінде әскеріміз Тәуелсіз Қазақ­станның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рух­тың озық үлгісін көрсетіп ке­леді.

Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсе­теміз. Мемлекеттік шекарамыз бен әуе кеңістігімізді күзетіп, армия жә­не флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сар­базға шынайы риза­шылығымды біл­ді­ремін.

Коронавирус індетімен кү­рес­тің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішін­де арнаулы жиындарға шақы­рыл­ған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы пат­риотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі.

Мемлекетіміздің қорғаныс әлеуе­тін күшейту, әскери қызмет­ші­лердің өз­дерін және отбасын қол­дау басты міндетіміз болып қала береді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-­бе­ре­ке және елдік мүдде жо­лын­дағы абыройлы әрі мәртебелі қыз­меттеріңізге толайым табыс тілеймін!