Спорт • 07 Мамыр, 2020

Атақты конькиші 89 жасқа толар еді

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көзі тірі болғанда бүгін атақты конькишісі, спорттың осы түрінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Ораз Каңлыбаев 89 жасқа толатын еді. 

Атақты конькиші 89 жасқа толар еді

Ораз Мұсағалиұлы 1931 жылдың 7 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келді. Ол сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді. Велоспорт пен допты хоккейден ел біріншіліктерінде дара шыққан қандасымыз бокс, жеңіл атлетика және волейболды да еркін меңгерді.

Десек те спортшы ретінде Ораз мұз айдынында танылды. Конькишілердің 5 000, 10 000 метрлік қашықтығы және көпсайыстан ол Қазақстанның 12 дүркін чемпионы атанды. Көптеген рекордтар қойды. КСРО құрамасы сапында бірқатар халықаралық додаларға қатысты. Қытайдың ашық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атағына қол жеткізді. Кейіннен бапкерлік қызмет атқарды, спорттық журналистикаға ден қойды.

«Жаратушы сүйген құлын ерте алады» демекші, Ораз Қаңлыбаевтың өмірі қыршыннан қиылды. Ол 1978 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды Атақты конькиші небары 47 жыл ғұмыр кешті...