Спорт • 07 Мамыр, 2020

«Сибирьдің» қожайыны қайтыс болды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Новосібірдің «Сибирь» клубының қамқоршылық кеңесінің жетекшісі Дмитрий Босов кеше Мәскеудің іргесіндегі Усов кентінде орналасқан зәулім үйінде өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды.

«Сибирьдің» қожайыны қайтыс болды

Айтулы азамат 52 жаста еді. Ол Ресейдің Барнаул қаласында дүниеге келді. Н.Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетінің радиоэлектороника және лазерлік техника факультетін қызыл дипломмен аяқтады. Еңбек жолын «Трансмаш» зауытында бастаған ол кейіннен көптеген лауазымды қызметтер атқарды.

Кейіннен Босов бизнеске бет бұрды. Бұл салада да көптеген табыстарға қол жеткізді. «Аллтек» компаниясын құрып, сол кәсіпорынға жетекшілік етті. 2008 жылдан бері ол «Сибирь» клубының қамқоршылық кеңесінің жетекшісі қызметін атқарып келді. Биыл Дмитрий Босов Ресейдің ең бай бизнесмендері тізімінде 86 сатыға жайғасты. Қазіргі кезде оның байлығы 1,1 миллиард долларды құрап отыр.