Спорт • 07 Мамыр, 2020

Бундеслига ойындары мамырдың екінші жартысында жалғасады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның канцлері Ангела Маркель егер қойылған талаптар толықтай орындалса, футболдан Бундеслига ойындары мамыр айының екінші жартысында жалғасатынын мәлімдеді. 

Бундеслига ойындары мамырдың екінші жартысында жалғасады

Германия чемпионаты да коронавирустың кесірінен осыдан біраз уақыт бұрын тоқтатылған болатын. Соған дейін «Бавария» шашасына шаң жұқтырмай келді. Мюнхендік клуб 25 ойыннан кейін 55 ұпай олжалады. Оны өкшілеп келе жатқан Дортмундтың «Боруссиясының» басты қарсыласынан төрт ұпайы кем. Сонымен қатар, тағы үш команданың жағдайы өте жақсы. Атап айтсақ, «Лейпцигтің» 50 ұпайы, Менхенгладбахтың «Боруссиясының» 49 ұпайы және «Байердің» 47 ұпайы бар.

Ал көш соңындағы командаларға келер болсақ, ең соңғы 17 орынға «Падердорн» жайғасты. Ол небары 16 ұпайды қанағат тұтуда. Сол секілді «Вердердің» де жағдайы мүшкіл. Бремендік ұжым 18 ұпайды еншілеуде.