Спорт • 07 Мамыр, 2020

Михаил Тальдің триумфы

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 60 жыл бұрын, яғни 1960 жылдың 7 мамырында КСРО шахматшысы Михаил Таль әлем чемпионы атанған еді.

Михаил Тальдің триумфы

Михаил Таль 1936 жылдың 9 қарашасында Ригада туды. Ол дүниеге келгенде оң қолында үш-ақ саусағы болды. Ол аздай, балауса кезінде ол менингитпен ауырды. Соған қарамастан аурушаң баланың математикаға деген қабілеті ерте байқалды. Шахматқа ден қойған Михаил уақыт оза орасан зор табыстарға қол жеткізді.

Атап айтсақ, КСРО мен Еуропаның алты дүркін және шахмат Олимпиадаларының сегіз дүркін жеңімпазы атанып, тағы басқа да көптеген белестерді бағындырды.

Әлемдік тәж үшін тартыс 1960 жылдың 15 наурызында Мәскеудегі Александр Пушкин атындағы театрда басталды. Ол КСРО-ның тағы бір атақты шахматшысы Михайл Ботвиникпен шеберлік байқасты. Бұл тартыс Тальдің пайдасына шешілді. Осылайша, кейіпкеріміз сегізінші әлем чемпионы атанды.