Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Тараз: Азық-түлік бағасын көтергендер айыппұл арқалады

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында карантин талаптарына байланысты халықтың азық-түлікке деген сұранысының артқанын пайдаланып, оның бағасын көтергендерге айыппұл салынды.

Тараз: Азық-түлік бағасын көтергендер айыппұл арқалады

Қалалық әкімдіктің жанынан арнайы құрылған жұмысшы топ жуырда ғана қаладағы сауда дүкендеріне рейд жүргізген болатын. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында Тараздағы 2 дүкенде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағаларының шекті бағадан асып тұрғаны анықталған.

Аталған дүкен басшылары Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 202-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы көлемі 555 мың 600 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

12

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 3 сәуір күнгі еліміздің сауда және интергация министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі сияқты құзырлы орындардың «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген болатын. Осыған орай, Тараз қаласы әкімінің биылғы жылғы 22 сәуір күнгі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылған еді. Бүгінде аталған жұмысшы топ қаладағы дүкендерді аралап, бағаларды бақылауға алу жұмыстарын жүргізуде.

 

Жамбыл облысы