Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

ҰБТ-да жоғары көрсеткішке жету әр түлектің арманы

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режімін қатаң сақтауға көшкен  мектеп оқушылары қазіргі кезде қашықтан білім алуда. Карантин кезіндегі білім ұстаздармен қатар, оқушылар мен ата-аналарға да зор жауапкершіліктер жүктеп отыр. Осы орайда әрбір ата ана балалардың білім алу сапасы, ҰБТ-ны тапсыру көрсеткіштері алаңдатады.

ҰБТ-да жоғары көрсеткішке жету әр түлектің арманы

Дегенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей мектеп ұстаздарының күнделікті қолдауының арқасында оқушылардың дайындығы күшейе түскен. Қазіргі кезде Алматы қаласының №178 лицейінде қашықтықтан оқыту  бағдарламасы терең әрі ауқымды қамтылып, мектеп бітірушілерге ҰБТ-ға дайындық тесттері апта сайын жүргізілуде. Балалаларға мектеп психологтары мен пән мұғалімдерінің көмегі, қолдау көрсетуі олардың осындай қиын сәтте өздеріне деген сенімін арттыруда. Қ.Х. Шадиев мырза басқарып отырған лицейде биыл қала бойынша бітірушілер саны ерекше көп.

Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер 60-қа жуық. Осы түлектерді ҰБТ-ға тіркеу бұрынғыдай емес, жаңа форматта жүргізілді. Бұл оңай жұмыс емес. Оқу ісінің меңгерушісі К.С. Шажабаева мен 11-сынып жетекшілерінің ерен еңбегінің арқасында барлық оқушылар ҰБТ-ға жүйелі түрде тіркелді.

Санаулы күндерден соң мектеп табалдырығын аттап, өмірдің жаңа баспалдағын аттағалы отырған оқушылардың ата-аналарының атынан ұлағатты ұстаздар ұйымына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Ертеңгі күні балалар қалаған оқу орындарына түсіп жатса, ұстаздар еңбегінің жанғаны. Ұстаз үшін одан артық бақыт бар ма?! Осындай пікірлерімен бөліскен 11-сынып оқушыларының ата-аналары ҰБТ-ны балалардың жоғары көрсеткіштермен тапсыратынына үлкен сенім артады.