23 Қыркүйек, 2013

Кения астанасының сауда орталығын лаңкестер жаулап алды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 09-Nairobi

Сенбі күні «Аш-Шабаб» террористік ұйымының содырлары Кения астанасы Найробидегі «Уэстейт» сауда орталығын жаулап алып, 30-ға жуық адамды тұтқынға алған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қаруланған топ ғимарат ішіне басып кіріп, адамдарға оқ ата бастаған. Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан кем дегенде 68 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жарақат алған. Олардың арасында Австралия, Ұлыбритания, Гана, Үндістан, Канада, Қытай, Голландия, Жаңа Зеландия, Перу, АҚШ, Франция мен Оңтүстік Африка Республикасының азаматтары бар.
Бүгін Кения әскерінің өкілі, полковник Сирус Огуна сауда орталығындағы содырлардың қолында онға жуық тұтқын қалғанын хабарлады.

Аталған лаңкестік әрекетке жауапкершілік алған «Аш-Шабаб» ұйымы бұл шабуылды Сомали ауданындағы Кения қарулы күштері жүргізген әскери операцияға жауап ретінде қарастырады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар