Спорт • 07 Мамыр, 2020

Арынды Аслан Хадарцев еді...

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1990 жылдың 7 мамырында жол апатынан әйгілі балуан Аслан Хадарцев қайтыс болған еді. Ол небары 29 жыл ғұмыр кешті.

Арынды Аслан Хадарцев еді...

Аслан Хабиұлы 1961 жылдың 4 ақпанында Солтүстік Осетияның Алагир ауданының Суадаг ауылында дүниеге келді. Еркін күреспен шұғылданған ол бозбала кезінен дара талантымен оқшауланды. Өз құрдастары арасында өткен көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген балуан ересектер дуында да биік белестерді бағындырды. Атап айтсақ, үш рет әлем чемпионатында, екі рет Еуропа біріншілігінде, төрт рет әлем кубогында. Достық ойындары және Ізгі ниет ойындарында қарсылас шақ келтірмей, бас жүлделерді олжалады.

Аслан Хадарцевтай арынды балуанның жеңісті жолы одан әрі жалғасатанына ешкімнің күмәні жоқ еді. Алайда ол өз елінде жол апатына ұшырап, сол жерде жан тәсілім етті.

Асланның қолы жетпеген биіктерді кейіннен оның туған інісі жалғастырды. Күрес әліппесін туған ағасынан үйреген Махарбек Хадарцев Сеул және Барселона Олимпиадаларының жеңімпазы, Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Әлем мен Еуропа чемпионаттарын бес реттен ұтып, тағы бірнеше мәрте айтулы додаларда жүлделі орындарды иеленді.