Спорт • 07 Мамыр, 2020

Магнус Карлсен көш бастап тұр

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда шахматтан ФИДЕ рейтингі жарияланды. Үздіктер көшін Норвегияның мықтысы Магнус Карлсен бастап тұр. Осы күнге дейін ол 2863 ұпай олжалап отыр.

Магнус Карлсен көш бастап тұр

Әрине, 29 жастағы Магнус Карлсеннің бұл нәтижесіне еш таңдануға болмайды. 2013 жылы әлем чемпионы атанған Скандинавия түбегінің түлегі сол кезден бері алтын тәжге ешкімді жолатқан жоқ. Қазір де ол бабында екенін байқатып, жуырда ғана өткен онлайн-турнирде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал бүгінгі таңдағы «ТОП-10» шахматшының толық тізімі мынадай: 

 

  1. Магнус Карлсен (Норвегия) – 2863
  2. Фабиано Каруана (АҚШ) – 2835
  3. Лижэнь Дин (Қытай) – 2791
  4. Ян Непомнящий (Ресей) – 2784
  5. Максим Вашье-Лаграв (Франция) – 2778
  6. Александр Грищук (Ресей) – 2777
  7. Левон Аронян (Армения) – 2773
  8. Уэсли Со (АҚШ) – 2770
  9. Теймур Раджабов (Әзірбайжан) – 2765
  10. Аниш Гири (Нидерланд) – 2764