Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Қорғаныс министрлігі әскери ансамблінің әртістері онлайн өнер көрсетеді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн-концерттер өтеді. Мерекелік концерттік бағдарламада ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы  Орталық ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.

Қорғаныс министрлігі әскери ансамблінің әртістері онлайн өнер көрсетеді

Үлкен мерекелік концерт «Хабар» телеарнасының эфирінде сағат 16.15-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) көрсетіледі. Сол күні сағат 21.00-де нақты уақыт режимінде zvezda-na-karantine.kz және  «Карантиндегі жұлдыз» жобасының Youtube арнасында онлайн-концерт өтеді.

Әскери ансамбльдің музыканттары мен вокалистерінің орындауында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Священная война», «Поклонимся великим тем годам», «Журавли», «В землянке», «Махнем, не глядя», «Ехал я из Берлина» «Әлия», «Ұлы жеңіс», «Военными не рождаются», «Ұлы дала сарбаздары», «Отаным», «Армия вперед», «Егеменді Қазақстан» сынды музыкалық композицияларды орындайды.

Сонымен қатар, 7 және 9 мамырда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін әскери музыканттар елорда тұрғындарын жанды орындаудағы әндермен қуантады. Әскери әртістер автокөлікте бірнеше бағыт бойынша патриоттық музыкалық композицияларды орындай отыра, елорда көшелерімен жүріп, тұрғын үйлердің аулаларына барып, тұрғындарды құттықтайтын болады.