Спорт • 08 Мамыр, 2020

Франко Барези 60 жасқа толды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның даңқты футболшысы, әлемдегі ең үздік қорғаушылардың бірі саналатын Франко Барези бүгін мерейлі 60 жасқа толып отыр.

Франко Барези 60 жасқа толды

Франко 1960 жылдың 8 мамырында Италияның Ломбардия өңірінде туып-өсті. 1977 жылдан басталып, 1997 жылға дейін жалғасқан спорттық карьерасын ол тек жалғыз ғана «Милан» клубында өткізді. Айтулы команда сапында 532 рет жасыл алаңға шықты. Сол аралықта Италия чемпионатын алты және Италия суперкубогын төрт мәрте иеленді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа суперкубогын үш реттен олжалады. Екі рет Құрлықаралық кубогын еншіледі.

Өз елінің ұлттық құрамасы сапында Франко Барези 81 кездесу өткізіп, 31 рет команда капитаны ретінде жасыл алаңға шықты. Бұл ретте де қол жеткізген табысы толағай. Атап айтсақ, 1982 жылғы әлем чемпионатында – алтын, 1990 жылы – қола және 1994 жылы – күміс медальді иемденді. 1988 жылғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері.

Франконың өзінен екі жас үлкен туған ағасы – Джузеппе Барези де кезінде өте танымал футболшылардың бірі болды. Ол 14 жыл бойы «Интердің» намысын қорғап, Италия құрамасы сапында 18 кездесу өткізді.