Коронавирус • 08 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысында 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданының Шайыр ауылынан 2 адам, Бейнеу ауданынан 1 адам, Жаңаөзен қаласынан 1 адам коронавирус індетін жұқтырды.

Маңғыстау облысында 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

ПТР диагностикалық зерттеу қортындысы бойынша Маңғыстау ауданының Шайыр ауылының тұрғындары — 1973 жылғы азаматшадан және 2019 жығы баладан, Бейнеу ауданынан 2014 жылғы баладан, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 1982 жылғы азаматшасынан қауіпті індет табылды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдермен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

8 мамырдағы жағдай бойынша өңірде 109 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.