«Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары – 6 теңге; 2) еуро - 7 теңге деңгейінде белгіленді. Қабылданған шектеулер қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды. Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің интернет ресурсында танысуға болады»,– делінген хабарламада.
Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өнеркәсіп әлеуетінің экономикалық негізі
Экономика • Бүгін, 08:25
Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:20
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Тарих • Бүгін, 08:17
Тағзым • Бүгін, 08:15
Ұлы дала ғұламалары және Түркістан
Аймақтар • Бүгін, 08:13
БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер
Тұлға • Бүгін, 08:10