Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа оқу жылы басында халықаралық олимпиада, интеллектуалды ойындар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарымен кездескенде: «Биылдан бастап енгізілген «Қазақ елі» пәні аясындағы патриоттық сабақтың бірінші дәрісін сендермен өткізіп отырмын», деген болатын. Қазақ елі – инновациялық пән. Ол Елбасының білім саласына енгізіп отырған абсолютті инновациялық идеясы. Бұл қазіргі күрделі де, анығын айқанда, тығырыққа тірелген азаматтың шешілмеген проблемаларына жауап іздейтін пән. «Қазақ елі» пәнінің басты идеясы не болмақ дегенге келсек, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған Қазақ елінің алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына қосылуы, осы мақсатты іске асыру үшін инновациялық деңгейде ойлау қабілеті бар жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп, буындар арасындағы сабақтастықты үзбей, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа оқу жылы басында халықаралық олимпиада, интеллектуалды ойындар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарымен кездескенде: «Биылдан бастап енгізілген «Қазақ елі» пәні аясындағы патриоттық сабақтың бірінші дәрісін сендермен өткізіп отырмын», деген болатын. Қазақ елі – инновациялық пән. Ол Елбасының білім саласына енгізіп отырған абсолютті инновациялық идеясы. Бұл қазіргі күрделі де, анығын айқанда, тығырыққа тірелген азаматтың шешілмеген проблемаларына жауап іздейтін пән. «Қазақ елі» пәнінің басты идеясы не болмақ дегенге келсек, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған Қазақ елінің алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына қосылуы, осы мақсатты іске асыру үшін инновациялық деңгейде ойлау қабілеті бар жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп, буындар арасындағы сабақтастықты үзбей, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыру.

Енді «Қазақ елі» пәні қандай болуы керек дегенге келсек, оның құрылымына Қазақ елі туралы түсінік, мемлекеттік рәміздер: ән ұраны, ел белгісі, байрағы, Елбасы атамекен философиясы: жері, дәстүрі, дүниетанымы, тұлғалары; «Қазақ елі-2050»: Қазақстанның болашағы қазақ тілінде; Еліміздің Қазақ мемлекеті атануы; Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену мақсатында үздіксіз жас ұрпақтар бойында инновациялық ойлау қабілетін кемелдендіру мәселелері енгені жөн ғой деймін. Осылар арқылы «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси, мәдени, гуманитарлық, инновациялық мазмұнын ашуға болады. Қазақ елі – акме-қоғам: Жасыл энергия – Болашақ энергиясы; Әлемдік дағдарыс сыры; Экспо-2017; Экономика және ізгілік; Акме-қоғам – ізгілікті қоғам.
1991 жылы қазақ халқы тұңғыш рет өз ішінен Президент сайлады. Бұл Қазақ елінің жаңа тарихының басы. Халық өз еркімен, өз қалауымен президент сайлады, халық сайлау ісіне тегіс жұмылды, сайлау демократиялық түрде өтті, сайлауға халықтың 90-нан аса пайызы қатысты. Тұңғыш Президент сайланды, ол халық қалауымен болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл бұрын-соңды болып көрмеген тарихи оқиға.
Қазақтың ғасырлар бойғы арманы, қиялы саяси шындыққа айналды, егемен ел атандық. Тәуелсіздік, егемендік деген ұғымдар санаға сіңе бастады. Ел болу үрдістері басталды. Мемлекет және оның институттары, Үкімет жүйесі, Парламент жүйесі қалыптасты. Ел болудың аса маңызды мәселесі – мемлекеттің рухани қуаты. Бұл жөнінде Тұңғыш Президенттің «Мәдени мұра» бағдарламасы іске аса бастады (2003 жыл). Бағдарламаға сай, қазақ халқы өзінің жоғалтқан рухани құндылықтарын, ұмыт болған тарихи тұлғаларын, тоналған мәдени жәдігерлерін жинастырумен мемлекеттік деңгейде шұғылдана бастады.
Осы кезде ескі маркстік-социалистік, кеңестік санадан жаңа егеменді, тәуелсіз елдің азаматтарының санасына өтудің аса күрделі мәселесі бой көрсетті.
Бұл мәселе бүгін де дертті. Қоғамдық сананың екі ерекшелігі бар, бірі сананың болмыстан алға кетуі, екіншісі сананың консервативті болуы. Қазақ елінде осы екі үрдіс бірге өмір сүруде.
Философиялық білімде сананың шартты түрдегі дербестігі деген ұғым бар. Сананың болмыстан не қалып, не асып кететін дербестігі ғылымда белгілі мәселе. Олай болса ел болу мен елдік сана арасында алшақтық бар ма, болса ол қалай көрініп отыр дегенге жауап іздеу, бүгінгі қоғамдық білімдердің басты мәселесінің бірі деген пікірдемін. Елдік сана өлшемі – Қазақ елі м әңгілік деген ұғыммен анықталмақ, бірақ осы идеяның жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде, кімдерге ұқсап елімізді мәңгілік етуіміз қажет дегенде үлгі іздеушілік те бар, менің ойымша, үлгі іздегеннен гөрі, өркениетті елдердегі үрдістерді сабақ ретінде алып, өз жолымызды анықтасақ деген ой дұрыстығын Қазақстанның өзіне тән өркениеттік тыныс-тіршілігі анық байқатып келеді. Араб елдеріндегі үрдісті үлгі ретінде ала аламыз ба? Вестерндік не дәстүршілдік, қайсысы бүгінгі қоғамда доминанттық жағдайда?! Дәстүршілдік қоғамның қуаты қандай? Дәстүрлі қоғамдық үрдістермен өркениеттік межеге жете аламыз ба?
Жаңа жол – қазақстандық жол, ол қандай болмақ? Шетелдіктер айтып жатқан қазақстандық жол, ол қандай жол? Еуразиялық өлшем нендей мақсат-мұраттарды аша алмақ? Ойлану керек.
Ұстаз Ыбырай «Қазақ халқы азбаған, табиғи тазалығын сақтаған халық» деген биік ой қалдырған. Халықтың төл тазалығы неде деген сауалға жауап іздесек, айтарым, қазақтар ата-бабалары ғұмыр кешкен, олардың қаны мен тері төгілген қасиетті жерден қандай қасіретті замандар болса да ауып ешқайда кетпеген. Халықтың осындай теңдесі жоқ ерлігінің заты да, аталуы да Атамекен деген бір сөзге сыйған.
Атамекен халықты аздырмаған, тазалығын сақтаған. Киелі топырақ, қасиетті Жер, Су қазақтардың рухани дүниесін де үнемі тазартып отырған.
Атамекен – халқымыздың ділі. Әлемде атамекенсіз өмір сүріп жатқан халықтар, мемлекеттер бар. Қазақтардың жерұйығы оның атамекені.
Қазақ елі дегенде, оның субстанциясы – атамекен деу ата-бабалар алдындағы парызымыз. Атамекен қазақтар үшін сакралды ұғым. Атамекен – отандық тарихтың басы. Атамекені бар елдің отандық тарихы бар.
Қазақ елі – отандық тарихы бар мемлекет. Ежелгі қазақтардың отандық тарихы сақ дәуірінен басталғанын ғалымдар, зерттеушілер айтып та, жазып та жүр.
Ежелгі қазақтар да, олардың мемлекеттері де әр заманда әрқилы аталып келген: сақтар, ғұндар, түркілер, оғыздар, қыпшақтар, үйсіндер, қаңлылар, ноғайлылар т.б. Осылай мемлекеттер, елдер аталған, бірақ бұлардың бәріне ортақ тілі, мәдениеті, дүниетанымы, дәстүрі болған. Ата-бабаларымыз тегі түркі, діні ислам.
Осы екі құндылықты біртұтас сенімге айналдырған заманының кемеңгер теолог-ойшылы Құл Қожа Ахмет Ясауи. Ол «Дәптер сани» атты хикметтерінде (даналық ойларында) ислам дінінің басты қағидаларын түркі тілінде жазған. Халқымыздың табиғи тазалығына сай ислам құндылықтарын түркі тілінде сөйлеткен. Осы мағыналы дәстүр қазақ жерінде Қазан төңкерісіне дейін жеткен.
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы мұсылман жұрты болып ғұмыр кешкен, табиғи тазалығын сақтаған, себебі, олар (түрік тайпалары) өзгелердің жетегіне ермеген, төл қалпын ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отыруды ұлы дәстүр деп түсінген.
Табиғи тазалық басы – білімде, арам шөптей надандық қаулап өскен жерде халықтың тазалығы болмақ емес. Білімге құмарлық ІХ-Х ғасырда өмір сүрген дана Қорқыттан басталған. Оның «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген өмір сүру формуласы, ақиқаты бүгінгі заманға жетті. Мұны біз бүгінде өмір философиясы, өмір сүру философиясы деп ХХ ғасырдағы Батыс ойшылдары Ницше, Сартр, Камюлардың ой-пікірлерімен жарыстыра, салыстыра талдаймыз, бірақ бұлардың арасында 10-11 ғасыр жатқанын ескерген жөн.
Атамекен – киелі топырақ, қасиетті жер, су, сонымен қоса, ол ата-бабаларымыздың тамаша философиясы.
Қазақ елінің бүгінгі философиясының бастау бұлағы Атамекен философиясы, оның бізге есімдері қанық болып жеткендері сақ ойшылы Анахарсис, дана Қорқыт және Құл Қожа Ахмет Ясауи, бертін келе теңдесі жоқ ойшыл әл-Фараби және ХІХ ғасыр хакімі Абай. Әрине, есімдері жаңадан ашылып жұртқа белгілі болып жатқан ғұламалар жеткілікті, мәселе оларды оқып, танып білуде.
Қазақ елі – атамекен Ренессансы.
Қалыптасқан мемлекеттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы әрбір қоғамдық-саяси, әлеуметтік істерге араласатын белсенді жастар алдында болатын он сын-қатерді саралап айтты.
Осы он сын-қатер адамзат тарихындағы айтулы проблемалар. Олар әрбір мемлекет, әрбір ел, халық, тіптен әрбір адамға қатысты. Бұл он сын-қатер күллі адамзатқа ортақ. Оларды ескермей, тәрбие, білім, ғылым, технологияда межелік табыстарға жету мүмкін емес.
Стратегияда Елбасы 2050 жылға дейінгі жеті міндетті анықтаған.
Осы мақсаттар орындалғанда қандай заман, дәуір болады десеңші. Есепсіз білім, түпсіз ғылым, тежеусіз технология адамзат санасын қандай биіктерге әрі қатерлерге жеткізбек. Қазақ елі қандай болмақ, азаматтары ше?
Жолдауда Елбасы үш тіл т