Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралдары, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Жұмыстарға ұйымдар мен еріктілер де тартылған.
Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасуда.