Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Қызылорда: Шендер мен төсбелгілер бекетте табысталды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайға байланысты елімізде  барлық салтанатты шараларға шектеу қойылғаны белгілі. Осыдан да індетке қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген полицейлерді марапаттау бұл жолы басқаша форматта өтті.  

Қызылорда: Шендер мен төсбелгілер бекетте табысталды

Еңбегі еленген қызметкерлерді марапаттау үшін тосқауыл бекетіне облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре барды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан бекетте мереке күндері қызмет өткеріп жүрген тәртіп сақшыларына марапат пен шен табыстады.

Бектөре Жеңісбайұлы қызметкерлерді мерекелермен құттықтап, антына адал, сертіне берік қызметкерлердің отбастарына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.  Ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі Серікбол Тұңғышбай да қоғам тыныштығын күзеткендерге жылы лебізін арнады.

Биыл Ішкі істер министрінің бұйрығымен 9 полицей марапатталып, 2 қызметкер мерзімінен бұрын майор шенін алды. Сонымен қатар, департамент  бастығының бұйрығымен 25 қызметкер мен 18 ардагер марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20