Спорт • 08 Мамыр, 2020

Футбол: Килиан Мбаппе үздік деп танылды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждің «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының ең мерген ойыншысы ретінде ресми түрде танылды.

Футбол: Килиан Мбаппе үздік деп танылды

Франция чемпионатының 2019/20 жылғы маусымында Киллиан Мбаппе 18 рет нысананы дәл көздеді. Жас жұлдыз барлық голды таза ойын барысында соққан екен. Екінші орынды иеленген «Монаконың» ойыншысы Виссам Бен-Йеддердің де көрсеткіші дәл сондай. Алайда ол үш допты пенальтиден енгізді. Сол себепті де Бен-Йеддер Мбаппеден төмен тұр. Үшінші сатыға Мұса Дембеле жайғасты. «Лионның» шабуылшысы 16 мәрте мергендік танытты. 

Қатарынан екінші рет ең үздік шабуылшы атанып отырған айтулы футболшы жайында толық ақапарат беретін болсақ, ол 1998 жылдың 20 желтоқсанында Париж қаласында дүниеге келді. Төменгі дивизондарда өнер көрсетіп жүрген дарынды жасты алғашқы болып байқаған «Монако» клубының скауттары еді. Айтулы команданың сапына Киллиан небары 17 жасында Франция чемпионы атанды. 2017 жылы оған ПСЖ-ның көзі түсті. Бұл күндері Мбаппе сол клубтың сапында жасындай жарқырап жүр. Қазіргі кезде ол әлемдегі ең құнды футболшылар көшін бастап тұр.