Қоғам • 08 Мамыр, 2020

Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда гарнизон әскери қызметшілері Қарулы Күштердің Алматылық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін жағдайларын біліп, мерекемен құттықтады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Қазіргі таңда қалада 200-ге жуық соғыс ардагерлері мен 14 мыңнан астам тыл майданының қатысушылар тұрады. Әскери қызметшілер олармен тығыз байланыста, қал-жағдайларын біліп тұрады, тұрмыстарына көмек көрсетеді.

Жеңіс күні қарсаңында әскери қызметшілер құттықтап қайтқандардың қатарында Алматы және Алматы облысының құрметті азаматы, «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдандық клубының президенті гвардия полковнигі Леонид Гирш, Қазақ КСР халық әртісі, Мемлекеттік премия лауреаты, әртіс Юрий Померанцев, соғысты басынан өткеріп, кейін  қарапайым сарбаздардың ерліктерін өзінің туындыларында бейнелеген жазушы Әбдіжамал Нұрпейісов та бар.

Сонымен қатар, Нұр-Cұлтанда әскери қызметшілер  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен ардагерлерді құттықтап, тұрғын үйлердің аулаларында концерттер қойды.

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі әртістері патриоттық шығармалар мен соғыс жылдарының әндерін орындады, қала көшелерімен автокөлікпен жүріп өтіп, тұрғын үйлердің аулаларына кіріп, мерекенің басты батырлары – ардагерлер мен жергілікті тұрғындарды құттықтады. Көрермендер қойылған концертті жақсы бағалап, әскери әртістерге алғыстарын білдірді. Одан басқа Ақмола гарнизонының әскери қызметшілер үйде отырған  ардагерлердің жағдайын сұрап қайтты.

9 мамырда таңертеңгі 10.00-ден 13.00-ге дейін әскери қызметшілер тағы да Нұр-Сұлтан қаласының әр түрлі жерлерінде концерт беретін болады.

Сұрапыл соғыста алдыңғы қатарда тұрған және тылда жүріп Жеңіске жетуді көздеген Ұлы Отан соғысының батырларының әрқайсысының жауынгерлік жолы мен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керек. Өкінішке орай, жылдан жылға соғыс ардагерлерінің саны азайып келеді, олардың ең кішісі тоқсанға толу мерейтойын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар