Қоғам • 08 Мамыр, 2020

«Ситибанк Қазақстан» мен ЮНИСЕФ балаларға ноутбук сыйға тартты

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚ БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, мұқтаж отбасылардан шыққан Нұр-сұлтан мен Алматыдағы оқушыларға 60 жаңа ноутбук тегін берді. Алматы қаласы әкімдігінің білім басқармасы балаларды қашықтан оқыту мақсатында ноутбуктермен қамтамасыз етуді ұйымдастырушыларға  алғыс білдірді.

«Ситибанк Қазақстан» мен ЮНИСЕФ балаларға ноутбук сыйға тартты

COVID-19 пандемиясы туындаған карантинге байланысты оқушылар Қашықтықтан оқытуға көшірілді, алайда, өкінішке қарай, барлық оқушылар компьютерге жеке қол жеткізе алмайды.

Он төрт жасар Ильдан екі ай бойы ұялы телефон арқылы онлайн оқыған. «Бұл өте қиын, әр 15 минут сайын көзім ауырады, ал маған Күн сайын екі жарым сағатқа дайындалу керек еді. Сондықтан мен үлкен экранды өз ноутбугымның пайда болуын армандадым. Мен енді жақсы оқимын. Осындай тамаша сыйлық үшін Сізге рахмет!»,- деп атап өтті.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Андрей Курилиннің айтуынша, пандемия жағдайында Citi он елдің ішінде аса қажет адамдарға қолдау көрсетеді. Біз әкімдіктердің мұқтаж отбасыларға олардың балаларын жаңа жағдайда оқытуды қамтамасыз етуге қолдау көрсеттік. Балалар үшін COVID-19 пандемиясының жағымсыз әсері көп. Онлайн оқудың мүмкін еместігі олардың алдағы өміріне әсер ететін маңызды мәселе болып табылады. Біздің Citi-мен әріптестігіміз балаларға оқытуды жалғастыруға және өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.