24 Қыркүйек, 2013

Беделді ұйымның берік бағдары

340 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысты.

 

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысты.

Сочи – 2014 жылы қысқы Олимпиада өтетін орын ретінде бүгінде бүкіл әлемге әйгілі қала. Онда қазір алдағы ақпанда болатын осынау ірі спорттық шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кеше Үкімет басшысы С.Ахметов сапарының басын осында Олимпиада қарсаңында салынып жатқан бірқатар спорттық нысандарды аралаудан бастады. «Большой» мұз сарайына атбасын бұрып, «Адлер-Арена» коньки кешенін барып көрді. Сондай-ақ, «Айсберг» мұз спорт сарайын аралады. Премьер-Министр Сочидің Олимпиадаға дайындығын жоғары бағалады. Ойындардың биік деңгейде өтетініне күмәнсіз екенін айтып, Олимпиада өткізуге табыс тіледі.

С.Ахметовтің аталмыш спорт нысандарына арнайы баруы тегін емес. Себебі, болашақта қысқы Олимпиада ойындарын өз елінде өткізуге Қазақстанның да үміті бар. Әрине, Астанада Азиада ойындарын ойдағыдай өткізген ел алдағы уақытта Алматыны да Олимпиада ойындарының алаңына айналдыра алар еді. Бұл жөнінде Елбасы да жиі айтып жүр. Алматыда әлемдік шараны өткізуге мүмкіндік мол, қолайлы жағдай бар деген болатын Президент бір сөзінде. Тек ұйымдастырушылар тарапынан қолдау тапса болғаны.

Сонымен, С.Ахметов кеше түске дейін Сочидің спорт нысандарын аралап, күннің екінші жартысында Ұжымдық қауіпсіздік ке­ңесінің сессиясына қатысты. Сессия отырысына ұйымға мүше мемлекеттер басшылары – Ресей Президенті Вла­димир Путин, Армения Президенті Серж Саргсян, Бе­лоруссия Президенті Александр Лукашенко, Қыр­ғызстан Президенті Алмаз Атамбаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон түгел келіпті. Ал С.Ахметов Президенттің тапсырысы бойынша Қазақстан атынан барды.

Сессия жұмысы алдымен шағын құрамдағы кездесуден басталды. Онда президенттер жеке-жеке сөз алып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі жұмысына қатысты ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Қазақстан Пре­зиденті атынан С.Ахметов сөйледі. Сөз басында сессияны ұйымдастырушылар мен ұйым төрағалығындағыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың алғысын айтып, сәлемін жеткізді. Одан әрі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының күн тәртібінде тұрған өзек­ті мәселелерге орай Қазақ­станның ұстанымдарын жет­кізді. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының дамуына ерекше ықыласты екендігін айтып, ұйым алдында тұрған маңызды мә­селелер – Ауғанстан ахуалы, «Талибан» қозғалысына қатысты жағдайлардың Ор­талық Азияның 2014 жылдан кейінгі дамуына кері әсерін тигізетіні жайында ойлантатынын атап өтті. Қазақстан қазіргі таңда болып жатқан жаһандық жағдайларға қа­тысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұстанған бағыттарын қолдайтынын айта келіп, Сириядағы жағ­дайға байланысты Қазақ­станның ұстанымын жеткізді.

«Біз Сириядағы және оның айналасындағыларға қатысты қабылданған мә­лімдемелердің бәрін қол­дай­мыз. Қазақстандық тарап сириялық биліктің химиялық қаруды халықаралық қада­ға­лауға беру туралы шеші­мі ондағы қантөгіс қақты­ғыс­тарды тоқтатып, Си­рия­дағы жағдайды тұрақ­тан­дыруға септігін ти­гі­зеді деп үміттенеді. Бұл ретте «Женева-2» конфе­рен­циясының өтуі Сирияның саяси жағдайына қатысты мәселелерді ынтымақтастық тұрғыда, ашық пікірлесе отырып шешуге мүмкіндік береді деп есептейміз», деп атап өтті С.Ахметов.

Сессия жұмысы бұдан әрі кең құрамдағы отырыспен жалғасты. Шағын құрамды отырыста көтерілген мәсе­ле­лер ауқымды түрде талқы­ланды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы – әскери-сая­си саладағы ТМД мемле­кеттерінің басын біріктіріп тұрған маңызды құрылым. Құрамында Қазақстан, Арме­ния, Беларусь, Қыр­ғыз­стан, Ресей, Тәжікстан сынды алты мемлекет бар.

Ұйым өткен жылы он жылдығын атап өткен болатын. Он жылдың ішінде бұл ұйым екінші НАТО атанбаса да, аймақты қойып, әлемдік деңгейде айрықша орны бар құрылымға айналды деуге негіз бар. Бастапқыда лаңкестікпен күресіп, есірткі саудасын құрықтау үшін құрылған ұйым өзінің он­жыл­дық тарихында елдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында біраз жұмыс атқарды.

Он жылдық дамуды артқа тастаған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қазіргі таңда өзінің жаңа даму жолына түсті десе болатындай. Яғни өткенді бағалап, кемшін тұсты саралай келе, заманауи талаптарға сай маңызды шараларды қолға алды. Естеріңізде болса,

Соңғы жаңалықтар