Әлем • 08 Мамыр, 2020

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды - Кабар

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында оқ атылды. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды - Кабар

Оқиға Чек Баткен облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандары тұрғындары арасында 50 соттық Чек учаскесін пайдалану мәселесіне қатысты туындаған. Аталған учаске екі мемлекеттің де қарамағына кіретіндігі нақты белгіленбеген. Бірақ, осы уақытқа дейін оны қырғыз тарапы пайдаланып келген.

Оқыс оқиға барысында Қырғыз тарапынан 30-40 адам және Тәжікстан тарапынан 30-40 адам бір-біріне тас ата бастап, соңында аңшы мылтығынан оқ атылған. Жанжалдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін Қырғызстанның және Тәжікстанның шекара кезекшілігі әуеге бірнеше мәрте ескерту оғын атуға мәжбүр болған.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі мәліметіне сүйенсек, оқиға бірнеше уақытқа тынышталған. Екі республиканың шекаралас аумақтарының тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Десе де Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерінің шекарашылары қырғыз шекарашыларына және Қырғызстан азаматтарына қарата минометпен тосыннан оқ жаудырды», - делінген хабарламада.